«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың назарына жер заңнамасындағы кейбір сұрақтары бойынша мәлімет
Опубликовано: 15 марта 2012

Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың назарына жер заңнамасындағы кейбір сұрақтары бойынша мәлімет

 

 Жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану жөніндегі шаралардың кешенін қабылдау, пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін түбегейлі қарастыру – осы және жер қатынастарын реттеу саласындағы басқа да міндеттерді Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі ҚР Жер ресурстарын басқару Агенттігінің алдына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауының тұрғысынан қойып отыр.
«Қазақстан Республикасы кейбір заңмамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 464-IV Заңымен, мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен және жер пйдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою және оның тәртіптері көрсетілген Жер кодексінің 92,94 баптарына елеулі өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормалары бойынша өздерінің Ата заңмен жәнеде басқада заңдармен белгіленген құқықтарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының меншікке немесе уақытша пайдалану құқығымен алынған  әртүрлі мақстаттағы жер учаскелерінің басым көпшілігі бүгінгі таңда мақсаты бойынша ұзақ уақыт аралығында пайдаланылмауда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сай, егер тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесi екi жыл iшiнде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады – деп көрсетлгендігін еске саламыз
Алайда, бұл кезеңге осындай жер учаскесін игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты көрсетілген учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.
                Жоғарыда аталған баптың 2 тармағына сай, жер учаскесін игерудің мерзімі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі, жер учаскелерін беру жөніндегі осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде, осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындайды.
                Бұл ретте Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асырылатын құрылыс үшін және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берілген жер учаскесiн игеру кемінде екі жыл мерзімге белгіленеді –деп көрсетілген.
                Осымен қатар, жер иесі немесе жер пайдаланушылар, жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезінде – жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына (өтеусіз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалану ҚР Жер кодексінің 65 бабында көрсетілген міндеттерінің бірден-бірі болып табылады.
Кодекстің 94 бабы 1 тармағымен, меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскесiн осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының, яғни Қарағанды облысы бойынша аймақтық жер инспекциясы талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiлетіндігі белгіленген.
                Мақсаты бойынша пайдаланылмағын жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы осындай учаскенi нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.
Кодекс талаптарына сай, 92 және 93-баптарында көрсетілген негiздер бойынша сот шешiмiмен жер учаскесін меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған жер учаскесiне жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.
Алайда, өтеусіз негізде берілген жер учаскесі, яғни Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бабы нормаларына сай, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй құрлысы, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрлысы үшін берілген жер учаскелері, осы Кодекстің 92 – бабында     көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен меншік иесінен мәжбүрлеп алып қойған жағдайда, осы жер учаскесі жер учаскесінің меншік иесіне жер учаскесінің құнын өтеместен одан әрі қайта бөлу үшін арнаулы жер қорының есебіне жатқызылады. Бұл ретте мұндай меншік иесінің (алып қойылған жер учаскесі осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының негізінде берілген жағдайда) осы мақсаттар үшін жер учаскесін қайтадан өтеусіз негізде алу құқығы сақталады.
Сатудан түскен сома жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiле отырып, жер учаскесінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізілгеннен кейiн ондай жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнаулы жер қорының есебіне жатқызылады.
Жоғарыда көрсетілген фактілерді ескере отырып, егерде әртүрлі мақсатта құрлыс жүргізуге арналған жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай игере алмайтындығына көзі жеткен азаматттар болса, оларға аталған өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығын Жер кодексі 82 бабы бойынша өз еркімен бас тарта алатындығын ескереміз.
Жер заңдарымен қарастырылған құзырет пен өкілеттікке сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Біздің облысымыздағы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ жүргізеді. Ол өзінің функцияларын, өкілеттігін, міндеттерін ҚР Жер кодексінің 18-тарауына, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүргізілу тәртібі толық баяндалған ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Жер инспекциясында жер заңдарын немесе азаматтардың кепілденген құқықтарын бұзу фактілері туралы тікелей хабарлауға болатын 8 (7212) 47-82-25 сенім телефоны орнатылған. Сондай-ақ Инспекцияның қабылдау бөлмесінде және «Нұр Отан» ХДП Қарағанды филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке және заңды тұлғалар қабылданады.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу, сондай-ақ жер заңдарының нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына жолығуға болады. Мекен-жайы: Қарағанды қ., Пассажирская көш.,15; тел./факс 47-58-59; e-mail: Karaganda_kzr@mail.ru. Karaganda_tzi@nur.kz.  
 
«Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас маманы А.Б.Сексенбаева