«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру
Опубликовано: 05 сентября 2017

Қарағанды облысы әкімдігінің

                                                                             2017 жылғы 27 маусымдағы

                                                                             № 37/09 қаулысына

5-қосымша

 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі

№ 37/01 қаулысымен бекітілген

 

 

«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру шешімі туралы қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген   өтініш болып табылады. 
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонды береді- он бес минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушы – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын белгілейді, бір күнтізбелік күні ішінде өтінішке қарар қояды;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы үш сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

4) жауапты орындаушы үш күнтізбелік күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, материалдарды жинақтайды, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен келіседі, қорытынды жасап және облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына ауыстыру жөніндегі материалдарды жолдайды;

5) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері сегіз күнтізбелік күні ішінде ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасап және жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жолдайды;

6) жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган бескүнтізбелік күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және құжаттар топтамасын қорытындысымен облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жолдайды;

7) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері сегізкүнтізбелік күні ішінде жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді, келіседі және енгізеді;

8) облыс әкімдігі үш күнтізбелік күні ішінде түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды;

9) көрсетілетін  қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір күнтізбелік күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) қабылдау, тіркеу, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беру (кеңсе қызметкері);

2) қарар қою, ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына өтініш пен құжаттар топтамасын жолдау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы);

3) жауапты орындаушыны айқындау (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы);

4) материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жіберу (жауапты орындаушы);

5) материалдарды жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберу (облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері);

6) ұсынылған құжаттарды қарастыру, тиісті қорытынды қабылдау (жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган);

7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлеу, келісу (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері);

8) түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау (облыс әкімдігі);

9) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (кеңсе қызметкері).

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы;

4) жауапты орындаушы;

5) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері;

6) жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган;

7) облыс әкімдігі.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) қабылдау, тіркеу, талон беру, не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттан аспайды;

2) қарар қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – бір күнтізбелік күні ішінде;

3) жауапты орындаушыны айқындау (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы) – үш сағат ішінде;

4) материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жіберу (жауапты орындаушы) – үшкүнтізбелік күні ішінде;

5) материалдарды жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберу (облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының қызметкері) – сегіз күнтізбелік күні ішінде;

6) ұсынылған құжаттарды қарастыру (орталық уәкілетті орган) – бес күнтізбелік күні ішінде;

7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлеу, келісу (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері) – сегіз күнтізбелік күні ішінде;

8) түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау (облыс әкімдігі) – үш күнтізбелік күні ішінде;

9) көрсетілетін қызметті алушыға біркүнтізбелік күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (кеңсе қызметкері).

Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау  осы регламентке қосымшада көрсетілген.

 

 

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілмейді.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының іс-әрекеттерінің тәртібі:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы (бұдан әрі - ЖСН) порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрату жолақтарын толтыру және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардытіркеу;

3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұратуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұратуды өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);

5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратудың мәртебесі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарламаны алуы;

6) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдауы;

7) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

Мемлекеттік қызметті көрсету портал арқылы кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттегі қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенткеқосымшада көрсетілген.

 

«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне 
қосымша         

   

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсету кезінде