«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру
Опубликовано: 05 сентября 2017

Қарағанды облысы әкімдігінің

                                                                             2017 жылғы 27 маусымдағы

                                                                             № 37/09 қаулысына

                                                                             6-қосымша

 

Қарағанды облысы әкімдігінің  2015 жылғы 07 шілдедегі

№ 37/01 қаулысымен бекітілген

 

 

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызмет жеке, заңды тұлғаларға немесе олардың өкілетті өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауүшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген өтініш болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына қатысатын әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және  құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркейді және құжатты қабылдаушының тегі мен аты-жөні, күні мен уақыты, мерзімі мен нәтижені алу орны көрсетілген талонды жиырма минуттан аспайтын уақытта  береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушы - жер қатынастары жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті органды белгілейді, бір күнтізбелік күні ішінде өтінішке  қарар қояды;

3) жер қатынастары жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган басшысы үш сағат ішінде жауапты орындаушыны белгілейді;

4) жауапты орындаушы құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жиырма үш күнтізбелік күн ішінде дайындайды;

5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бір күнтізбелік күні ішінде қол қояды;

6)  көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері төрт күнтізбелік күнінен кем емес мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

Ұсынылған құжаттар толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтінінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауабын береді – бір күнтізбелік күні.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) қабылдау, тіркеу, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беру (кеңсе қызметкері);

2) қарар қою, жауапты орындаушыға өтініш пен құжаттар топтамасын аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті органға жолдау (көрсетілетін қызметті берушінің басшы);

3) жауапты орындаушыны белгілеу (жер қатынастары жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган басшысы);

4) ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау (жауапты орындаушы);

5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы);

6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру (кеңсе қызметкері).

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жер қатынастары жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган басшысы;

4) жауапты орындаушы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) қабылдау, тіркеу, талон беру не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – жиырма минуттан аспайды;

2) қарар қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – бір күнтізбелік күні ішінде;

3) жауапты орындаушыны белгілеу (жер қатынастары жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті орган басшысын) – үш сағат ішінде;

4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жиырма үш күнтізбелік күн ішінде дайындау (жауапты орындаушы);

5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – бір күнтізбелік күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті алушыға төрт күнтізбелік күннен кем емес мерзімде мемлекеттік көсетілетін қызмет нәтижесін беру (кеңсе қызметкері).

Ұсынылған құжаттар толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтінінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тару туралы жауабын береді – бір күнтізбелік күні.

 Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттегі қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес процестер анықтамасында келтірілген.

 

 

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілмейді.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсету кезінде