«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Отчеты «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығында атқарылған жұмыс туралы есебi

«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығында атқарылған жұмыс туралы есебi

Опубликовано: 22 января 2016 . Обновлено: 27 января 2018

«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ  Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес өз құзыретінде келесі жұмыс атқарылды:

- 2015 жылдың  1 қаңтардан  31 желтоқсан  аралығында бөлімге 2 546 өтініш түсті, оның ішінде 1 290- жеке тұлғалардан, 1 256 - заңды тұлғалардан.

Жер телімдерді  жеке меншікке және жер пайдалануға  беру қаулыларының 618 жобалары дайындалды..

358 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- 28 – жер телімдердің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту;

- 209 – жерге орналастыру жобаларын бекіту;

- 20 –  жер телімдердің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру;

-1-іздестіру жұмыстарға рұқсат беру;

-100- елді мекен шегінде құрылыс үшін жер телімдерді бөлу.

Жеке және заңды тұлғаларға жалпы ауданы 0,94 га,  18 066 471 теңгеге  93 сатып алу-сату шарты ресімделді.

Жеке және заңды тұлғаларға жалпы ауданы  28 230 га,  3 800 954 теңгеге 283 жалға беру шарты ресімделді.

Жалға беру құқығын сатып алу  жалпы ауданы 18 га,  36 882 580 теңгеге  27 шарт ресімделді.

Жер телімдерді өтеусіз жер пайдалануға жалпы ауданы 78 га 10 шарт ресімделді.

Жер  заңнамасын бұзу туралы  70 ескерту  хат жіберілді.

Конкурспен ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін 20 жер телім 24 059 га ауданымен жалға берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін және ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жер телімдерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмыс жүруде.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлу туралы жеке тұлғалардан түскен  өтініштер кезекке қойылды және кезек тәртібіне сәйкес құрылыс алаңы дайын болғанда қанағаттандырылады. Арнайы есепке    жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлу туралы 1 978 өтініш алынды.

 

 

 

Басшы                                                                                                                                 Е.Кусаинов