«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Тұрғындармен жұмыс жасау Предоставление земельных участков Тұрғын үй құрылысы үшiн жер телімдеріне құқық берудiң тә
Опубликовано: 15 февраля 2010

Тұрғын үй құрылысы үшiн жер телімдеріне құқық берудiң тәртiбiн белгілейді

     «Жезғазған қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ мүдделі тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу жер телімдерге құқық беріуінің Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы » қаулысына сәйкес тәртібін хабарлайды .
     Осы Ереже жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телімдеріне құқық берудiң тәртiбiн белгілейді.
     Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерiнде жеке меншiкке тегiн берiледi.
     Көрсетiлген мақсат үшiн жер учаскелерiн қайтадан тегiн беруге рұқсат етiлмейдi.
     Жер учаскесiн алу үшiн мүдделi адамдар жер учаскесiн беру туралы өтiнiшiн сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша Жезқазған қаласыi әкім аппаратының кеңсесіне бередi.
     Өтiнiште жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжанатын мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы көрсетiледi.
     Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
     1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
     2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң көшiрмесi;
     Жер учаскесiн бөлiп беру үшiн алаңдар болмаған жағдайда Жезқазған қаласының аумағында жер телімдерін меншікке және жер пайдалануға беретін комиссия жалпы тiзiмдегi кезек нөмiрiн көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi арнайы есепке қою туралы қорытынды бередi. Тиiстi хабарлама комиссия қорытындысы берiлген сәттен бастап жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге жiберiледi.
     2009 жылдың 1 ақпанда жалпы тізімде 1313 арыз тіркелген.
     Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті Жезқазған қаласының әкімдігінің өкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
     Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңдар бекiтiлген басты жоспарларға, егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелерi мен елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес массивтермен бөлiнуге тиiс.
     Бүгінгі күнге тұрғын үй салуға арналған жер телімдері Жезқазған қаласында таусылды.
     Бұрын көзделген жер телімдерінде құрылыс жүргізу жұмыстарының созылып кетуі, инженерлік жүйелердің, көлік жолдары және коммуникацияның жоқтығына байланысты болып отыр.
     Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерді бөлу туралы барлық өтініштер арнайы есепке алынған, коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етілген жаңа жоба құрылымдары көзделген массивтер анықталғанда қарастырылатын болады.
    
     «Жезқазған қаласының Т. Әлменов
     жер қатынастар бөлімі »ММ бастығы