«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Ақпарат хабарлама

Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды
 
Подробнее
 
 


 
 
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 13/05 қаулысымен бекітілген
 
  
 

«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 
1. Жалпы ережелер
 
1.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  коммерциялық емес заңды тұлға, ол жер   қатынастары саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік          құқықтық басқару функцияларын жүзеге асыруға өкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3.                   Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының            Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының         Президенінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің бұйрықтарымен қаулыларын, облыс пен әкімдерінің қаулыларын және осы ережені басшылыққа алады.
4.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.                   «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.                   Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, 100602, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.
9.                   Мемлекеттік органның толық атауы – «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10.               Осы Ереже «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11.               «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.               «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
 
2. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
 
13.               «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
-                      мемлекеттік бағдарламалар мен ұсыныстарының орындалуын бақылау.
14.               Міндеттері:
1)            Жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу:
2)            Жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын жақсарту, табиғи         ортаны сақтау, жер ресурстарын қорғау және басқада кешенді       шаралары мен бағдарламаларды дайындап, бекіту және орындау;
3)            Инженерлік қондырғылар және стандарттау, геодезиялық,     астрономиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;
4)            Жерді тиімді пайдалануға және топырақ құнарлығын сақтау және    қалпына келтіруге арнайы экономикалық және ұйымдастырушылық-     шаруашылық жағдайлар жасау;
5)            Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау;
6)            Жерді пайдалану құқығының қалыптасуына және дамуына, сондай-           ақ жер реформасын жүзеге асыруға байланысты кәсіпкерлік қызметке көмектесу.
15. Функциялары:
1) Иесіз жер учаскелерін есепке алу.
2)         Ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен  шешімдерінің жобаларын дайындау.
3)                  Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау.
4)         Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен  бөлінбейтіндігін айқындау.
5)         Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.
6)         Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту.
7)         Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру.
8)         Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобарларын әзірлеуді ұйымдастыру.
9)         Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру.
10)     Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық, қалалық бағдарламалардың, схемалар  мен жобалардың сараптамасын жүргізу.
11)     Ауданның  жер  балансын  жасау.
12)     Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу.
13)     Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру.
14)     Жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру.
15)     Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру.
16)     Жер учаскелерін сатып алу - сату шарттары мен жалдау және  жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу.
17)     ҚР «Жер Кодексінің» 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау.
18)     Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруы жөнінде ұсыныстар дайындау.
16.Құқықтары мен міндеттері:
1)    Мекеме мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және жер телімдерінің меншігінен және жерді пайдаланушылардан жерді пайдалану және қорғау жөніндегі қажетті құжаттарды сұратуға және алуға;
2)            Тиісті органдардың қарауына қолданыстағы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқықтарын тоқтату туралы және жер заңдылықтарының бұзылуы арқылы жүргізіліп жатқан құрылыстарды тоқтату, жерді игеру және жақсарту бойынша іс шаралар өткізу;
3)            Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жер туралы заңға қайшы келетін нормативті актілерін тоқтату туралы ұсыныс еңгізу;
4)            Сот органдарына арыз беруші және жауапкер ретінде қатысу;
5)            Осы Ережеге сәйкес топографиялық – геодезиялық, картографиялық жұмыстарды тоқтату жөніндегі іс шаралар қолдану;
6)            Жерді аймақтарға бөлу, жер телімдерінің шекараларын белгілеу және қажет құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру;
7)            Зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру;
8)            Өнеркәсіп және басқа да мәндегі нысандардың сонымен қатар шаруашылық аралық құрылыстарда, геологиялық барлау және тағыда басқа жұмыстарды жүргізуде туындаған жер заңдарына қайшы келуді жою;
9)            Оның құзыреттілігіне кіретін басқада сұрақтар.
 
 
3. Мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру.
 
17. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес Жезқазған қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңдарға сәйкес Мемлекеттік мекеменің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
5) Сенімхаттар береді;
6) Банктерде шоттар ашады;
7) Жезқазған қаласы әкімдігімен бекітілген штаттық санын бекітеді;
8) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік мекеме атынан әрекет етеді;
9) заңнамаларға сәкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына сәйкес қарауындағы   тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы үшін дербес  жауапты болады.
«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
 
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптасады, негізгі және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеме балансында көрініс табатын басқа мүліктен тұрады.
21. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бектілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 
23. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
Новости
Ақпарат хабарлама
29 июля 2018
Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі  шаруа немесе фермер қожалығын ,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды. Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы- мал шаруашылығы . Жер телім...
Ақпарат хабарлама
3 марта 2017
Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі  2017 жылы 28  ақпанда ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде өткен конкурс нәтижелерін жариялайды   Жер телімдердің тізбесі жер телімнің  нөмірі ...
Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды
25 января 2017
Ақпарат хабарлама Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды Жер учаскелерінің тізбесі Жер уч. N Жер учаске- сінің қысқаша ...
Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі 2016 жылы 1 ақпанда ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде өткен конкурс нәтижелерін жариялайды
15 февраля 2016
Ақпарат хабарлама Жергілікті атқарушы орган-  Жезқазған қаласының әкімдігі  2016 жылы 1 ақпанда ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде өткен конкурс нәтижелерін жариялайды Жер телімдердің тізбесі жер тел...
Ақпарат хабарлама
5 января 2016
Жергілікті атқарушы орган- Жезқазған қаласының әкімдігі  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды                   Жер учаскелерінің тізбесі Жер уч. N Жер учаскесінің қысқаша сип...
Недавно опубликовано
4 января ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2019-2021 ГОДЫ
Ақпарат
2 июля Гражданский бюджет
Ақпарат
4 апреля ХАБАРЛАНДЫРУ
Тұрғындармен жұмыс жасауПредоставление земельных участков
19 февраля Аукцион
Тұрғындармен жұмыс жасауПредоставление земельных участков
16 февраля Жезқазған қаласы жерлері бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Тұрғындармен жұмыс жасауПредоставление земельных участковЖайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары
16 февраля Жезқазған қаласы жерлері бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары
Тұрғындармен жұмыс жасауПредоставление земельных участковЖайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары
5 сентября Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
5 сентября Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 37/01 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Мемлекеттік қызметтерРегламенты
22 августа ПАМЯТКА-ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ
Жер заңды негізінде
Недавно обновленные документы
27 января «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығында атқарылған жұмыс туралы есебi
АқпаратОтчеты
28 ноября «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ жұмыскерлерінің ТІЗІМІ
Ақпарат
28 апреля Список очередников, подавших заявление на получение земельных участков под ИЖС в с.Кенгир
Тұрғындармен жұмыс жасауПредоставление земельных участков
7 февраля Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Мемлекеттік қызметтер
7 февраля Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
Мемлекеттік қызметтерАрхивРегламенты
7 февраля Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру
Мемлекеттік қызметтерАрхивРегламенты
7 февраля Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту
Мемлекеттік қызметтерАрхивРегламенты
7 февраля Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
Мемлекеттік қызметтерАрхивРегламенты
18 января Мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ақпарат
Курсы валют
USD/KZT
EUR/KZT
RUB/KZT
Погода
Температура°
Давление
Влажность%
Ветер м./с.
Облачность%