A A

    
Жезқазған қаласы әкімиятының
     2005 жылғы 6 қаңтардағы
     № 6/1 қаулысымен бекітілді

    
     «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


     1. Жалпы ережелер
    
     1. Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) коммерциялық емес заңды тұлға, ол жер қатынастары саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік құқықтық басқару функцияларын жүзеге асыруға өкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
     2. Мекеменің құрылтайшысы – мемлекет атынан Жезқазған қаласының әкімі болып табылады.
     3. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің бұйрықтарымен қаулыларын, облыс пен әкімдерінің қаулыларын және осы ережені басшылыққа алады.
     4. Мекеме жергілікті әкімшілік, басқада мемлекеттік емес барлық меншіктік формадағы мекемелермен қатар жерлерді пайдалану мен жер ресурстарының жай күйіне жауапты.
     5. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі», Государственное учреждение «Отдел земельных отношении города Жезказган».
     6. Мекеменің мекен – жайы: 100602, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
     7.
    
     2. Мекеменің заңды мәртебесі.
    
     8. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап заңды тұлға болып табылады.
     9. Мекеменің мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі блакілердің, сондай-ақ банкіде есеп шоты, дербес балансы болады.
     10. Мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, басқа заңды тұлғаларға құрылтайшы бола алмайды.
     11. Мекеме өзінің міндеттеріне орай өз өкілеттігіндегі қаржыны жұмсауға жауап береді.

     3. Мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері.
    
     12. Мекеме қызметінің басты түрі жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен ұсыныстарының орындалуын бақылау.
     13. Мекеме қызметінің мақсаты:
     1) Жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу:
     2) Жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын жақсарту, табиғи ортаны сақтау, жер ресурстарын қорғау және басқада кешенді шаралары мен бағдарламаларды дайындап, бекіту және орындау;
     3) Инженерлік қондырғылар және стандарттау, геодезиялық, астрономиялық – геодезиялық, аэроғарыштық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;
     4) Жерді тиімді пайдалануға және топырақ құнарлығын сақтау және қалпына келтіруге арнайы экономикалық және ұйымдастырушылық- шаруашылық жағдайлар жасау;
     5) Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау;
     6) Жерді пайдалану құқығының қалыптасуына және дамуына, сондай-ақ жер реформасын жүзеге асыруға байланысты кәсіпкерлік қызметке көмектесу.

     4. Мекеменің құқығы.

     14. Мекеме өзіне берілген құзырына сәйкес келесі құқықтарға иелі.
     1) Мекеме мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және жер телімдерінің меншігінен және жерді пайдаланушылардан жерді пайдалану және қорғау жөніндегі қажетті құжаттарды сұратуға және алуға;
     2) Тиісті органдардың қарауына қолданыстағы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқықтарын тоқтату туралы және жер заңдылықтарының бұзылуы арқылы жүргізіліп жатқан құрылыстарды тоқтату, жерді игеру және жақсарту бойынша іс шаралар өткізу;
     3) Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жер туралы заңға қайшы келетін нормативті актілерін тоқтату туралы ұсыныс еңгізу;
     4) Сот органдарына арыз беруші және жауапкер ретінде қатысу;
     5) Осы ережеге сәйкес топографиялық – геодезиялық, картографиялық жұмыстарды тоқтату жөніндегі іс шаралар қолдану;
     6) Жерді аймақтарға бөлу, жер телімдерінің шекараларын белгілеу және қажет құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру;
     7) Зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұрықсат беру;
     8) Өнеркәсіп және басқада мәндегі нысандардың сонымен қатар шаруашылық аралық құрылыстарда, геологиялық барлау және тағы басқа жұмыстарды жүргізуде туындаған жер заңдарына қайшы келуді жою;
     9) Оның құзыреттілігіне кіретін басқада сұрақтар.
    
     5. Мекемені басқару.
    
     15. Мекемені қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы басқарады (арығарай басшы), оны қала әкімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына сәйкес орнынан босатады және тағайындайды.
     16. Мекеме басшысы:
     1) Мекеме аппаратының жұмысын басқарады және ұйымдастырады;
     2) Басқа ұйымдарда мекеме жүддесін қорғайды;
     3) Бөлімге берілген тапсырмалар мен міндеттердің орындалысына тікелей жауапты ;
     4) Қызметкерлерді жұмысқа алып және орынынан босатады;
     5) Барлық жұмыскерлерге шығарып тапсырмалар береді;
     6) Сенім хаттар береді;
     7) Мекеме несиесінің реттеушісі болып табылады;
     8) Банктерде шоттар ашады;
     9) Мамандардың қала және ауыл аумақтарындағы қызметін бақылайды;
     10) Өкілетті органмен, осы ережемен және заңмен жүктелген қызметтерді атқарады.
    
     6. Мекеменің мүлкін құру тәртібі.
    
     17. Мекеме мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады, оның құны мекеме балансында көрсетіледі.
     18. Мекеме мүлкі оған оперативті мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі.
     19. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес есептеледі.
    
     7. Мекеменің ережесіне өзгертулер енгізу тәртібі.
    
     20. Мекеме ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.
    
     8. Мекемені қайта ұйымдастыру және жою.
    
     21. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және жою Жезқазған қаласы әкімиятының қаулысы мен жүргізіледі.
    
    
    
     «Жезқазған қаласының жер
     қатынастары бөлімі» ММ басшысы Т.Альменов

USD/KZT
EUR/KZT
RUB/KZT
°
%
%